Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті ардақты ер азаматтарымызды 7 мамыр — Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтады!
Осы мерекелі күні біз олардың күнделікті жұмыста да, өмірде де танытып жүрген күш-жігері, жауапкершілігі мен сенімділігі үшін алғысымызды білдірдік. Ерлік, батылдық және жаңа жетістіктерге деген ұмтылыс әрдайым алға жетелесін, ал жанында қолдау, құрмет пен бақ-береке серік болсын.
Сіздерге зор денсаулық, барлық бастамаларыңызға табыс және бейбіт аспан тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-sko/press/news/details/1215488?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау