Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі БҰҰ-ның даму құқығы жөніндегі Арнайы баяндамашысымен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

6 мамыр күні Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Т. Ошурбаевтың БҰҰ-ның даму құқығы жөніндегі Арнайы баяндамашысы Сурия Дева мырзамен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар қоршаған ортаны қорғау, тұрақты даму және қолайлы қоршаған ортаға құқықты даму құқығының ажырамас бөлігі ретінде қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Вице-министр М.Т. Ошурбаев ағымдағы жылдың сәуір айында БҰҰ аясында өткен Өңірлік экологиялық саммиттің қорытындылары туралы ақпарат берді. Саммит Орталық Азия мемлекеттерін, халықаралық ұйымдарды, қаржы институттарын, бизнес пен сарапшылар қауымдастығын біріктірген өңірдегі ірі диалог алаңына айналғаны атап өтілді.

Саммиттің қорытынды құжаттарына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, мемлекет басшылары қабылдаған «Орталық Азияның экологиялық ынтымақтастығы» декларациясы өңір елдерінің тұрақты даму саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге саяси бейілділігін айқындағаны айтылды. Сонымен қатар БҰҰ-мен бірлесіп іске асырылатын 2026–2030 жылдарға арналған Іс-қимыл бағдарламасының бекітілгені атап өтілді.

Сондай-ақ Саммиттің практикалық нәтижелері туралы ақпарат берілді. Атап айтқанда, инвестициялық келісімдер мен стратегиялық әріптестік туралы меморандумдарға қол қойылғаны, БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасымен (ЮНЕП) бірлесіп Алматы қаласында Өңірлік экологиялық хаб құру, сондай-ақ «QaJET» энергетикалық көшу платформасын іске қосу мәселелері айтылды.

Ұлттық экологиялық бастамаларды іске асыруға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және халықты табиғатты қорғау қызметіне тартуға бағытталған «Таза Қазақстан» бастамасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндалды. Аумақтарды тазарту бойынша ауқымды акциялар өткізіліп, миллиондаған азаматтың қатысуы қамтамасыз етілгені атап өтілді.

Сонымен қатар 2050 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарды айқындайтын «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі жаңартылған тұжырымдаманың іске асырылуы атап өтілді. Оның аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту, энергия тиімділігін арттыру, ластану деңгейін төмендету және қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру көзделген.

Кездесу барысында тараптар экологиялық шешімдерді әзірлеу және қабылдау үдерісіндегі қоғамның рөлі, климаттың өзгеруі, қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсімдері, экологиялық мониторинг жүйесін дамыту мәселелерін талқылады.

Экологиялық ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету, азаматтардың қатысуын кеңейту және экологиялық басқарудың ашықтығын арттырудың маңыздылығы атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты даму және экологиялық құқықтарды қорғау саласында БҰҰ тетіктері аясында ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделілік білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1215653?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version