Сіздерді тәуелсіз мемлекетіміздің айбынды мерекесі – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – бейбіт еліміздің тыныштығын әуеде, құрлықта және теңізде қорғап, өз тағдырын ел тағдырымен тығыз байланыстырған әскери қызметшілер үшін айрықша мәнге ие. Ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Қарулы Күштеріміздің атқарып отырған қызметі орасан зор. Сіздердің қайсар рухтарыңыз бен батыл жүректеріңіз – еліміздің беріктігі мен тәуелсіздігінің сенімді кепілі.
Осы мерекелі күні Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып жүрген барлық әскери қызметшілерге, ардагерлерге зор денсаулық, қажымас қайрат, жауапты қызметтерінде табыс тілеймін. Отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге толағай жетістіктер серік болсын!
Еліміздің тәуелсіздігі мен тұтастығын, бейбіт тірлігін күзетіп тұрған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!
Отан қорғаушылар күні құтты болсын!
Нияз Макраев, Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/press/news/details/1215763?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау