Құрметті жерлестер!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен және  9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтаймын!

Жеңіс күні – бұл естелікке толы мереке және өскелең ұрпаққа бейбіт өмірдің қадір-қасиеті туралы өсиет айтатын айрықша күн. Бұл мереке сұрапыл соғысқа қатысып, фашизмді тізе бүктірген аталарымыз бен әкелеріміздің қаһармандық ерліктері мен жанқиярлық қайсарлығын еске түсіреді. Олардың бірқатары Жеңіс күніне жете алмады, көбісі өмірден өтті. Дегенмен, олардың ерліктері туралы естелік ұрпақ жадында мәңгі сақталмақ. Әкелердің ізін жалғап жүрген бүгінгі ұрпақ, еліміздің тыныштығы мен бейбіт тірлігінің сақшылары  отан қорғаушылардың да еңбегі ерен екені белгілі.

Осындай ерекше күні сіздерге бейбіт өмір, баянды бақыт, татулық,  еңбекте табыс, зор денсаулық, әр шаңыраққа бақ-береке тілеймін! 

 

 

Қорғалжын аудандық

мәслихатының  төрағасы

Б. Рыспаев

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-korgal/press/news/details/1215486?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version