Қызылорда қалалық мәслихатының төрағасы И.Құттықожаев жоспарға сәйкес жеке қабылдауын өткізіп, тұрғындардың өтініштерін тыңдады.
Қабылдауда болған қала тұрғыны, ардагер Амантай Амиров өзі тұратын аумақтағы Н.Жүнісов, С.Майқанова, Жамбыл көшелеріне түнгі жарықтандыру жүйесін жүргізуді, Н.Жүнісов пен А.Тоқмағамбетов көшелерінің қиылысына ойын алаңын салуды, қоғамдық көлік мәселелерін көтерсе, Қ.Сидикеев Берке хан көшесін асфальттауды және түнгі жарықтандыруды сұрады.
Сонымен қатар, қала тұрғыны Ө.Жамауов қаланың белсенді азаматы ретінде еліміздегі болып жатқан өзгерістерге өз көзқарасын білдірді.
Қабылдау барысында көтерілген мәселелерге қатысты мәслихат төрағасы шешілу жолдары бойынша бағыт-бағдарын, Заңға сәйкес түсіндірмесін берді.
Қосымша нақтылауды қажет ететін мәселелер бойынша құзырлы органдарға хаттар жолданып, жұмыс жасалып, қорытындысы қосымша хабарланатынын жеткізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-orda/press/news/details/1215708?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау