Сайлаушылармен кездесу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудандық мәслихат депутаттары, “AMANAT” партиясының мүшелері С.Аманжолов, Н.Заглядова және Д.Кужаков сайлаушылармен кездесу өткізді. Осы жолы олар аудандық аурухана ұжымымен кездесіп, өздерінің депутаттық қызметі, атқарылған жұмысы туралы айтып, сайлаушылардың сұрақтарына жауап берді.

Аудандық мәслихат төрағасы С. Аманжолов кездесуде Мемлекет басшысының мәслихат депутаттарына жүктелген міндеттеріне тоқталды. Депутаттар аудан әкімдігі бөлімдерінің басшыларына сауалдар жолдайтынын, бұл бірқатар мәселелердің оң шешілуіне ықпал ететінін атап өтті.

Депутат Н.Заглядова өз сөзінде партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру туралы айтты. Ағымдағы жылы партияның жол картасына енгізілген 40 іс-шара жоспарланған, олардың бірқатары жүзеге асырылуда.

Депутат Д.Қожақов Бадамша ауылында салынуы тиіс полигон құрылысына тоқталды. Әзірге қаржыландыру жоқ, жобаның құны 700 млн-нан асады, алайда Бадамша округінің депутаттары бұл мәселемен айналысуда.

Кездесу барысында сайлаушылар аулаларды абаттандыру, балалар ойын алаңдарын орнату, кентішілік жолдарды жөндеу және “Ақтөбе-Орск” трассасының аяқталмаған учаскесі бойынша сұрақтар қойды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kargala/press/news/details/1215336?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version