Сап түзеген сарбаздар, рухты ән: Павлодарда облыстық «Сап және ән» байқауы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2026 жылғы 6 мамырда Павлодар қаласындағы облыстық мамандандырылған «Жас Сарбаз» мектеп-интернаты базасында Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған дәстүрлі облыстық «Сап және ән» байқауы өтті. Биыл байқауға облыстың қала және аудандарынан келген 14 команда, жалпы саны 450-ден астам оқушы қатысты.
 
Салтанатты ашылу рәсіміне құрметті қонақтар қатысып, жас ұрпақты әскери-патриоттық рухта тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті.
 
Байқау бағдарламасы бірнеше кезеңнен тұрды:
– саппен салтанатты жүріп өту;
– саптық әнмен жүріп өту;
– саптық жарғы бойынша теориялық білімдерін тексеру;
– қатысушылардың сыртқы келбетін бағалау.
 
Қорытынды бойынша жүлделі орындар келесідей анықталды:
 
Аудандар арасында:
Успен ауданы
Тереңкөл ауданы
Май және Ертіс аудандары
 
Қалалар арасында:
 1 орын – Екібастұз қаласы
2 орын – Павлодар қаласы 
3 орын – Ақсу қаласы
 
Жекелеген кезеңдер бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар арнайы грамоталармен марапатталды. Жеңімпаз және жүлдегер командаларға кубоктар мен дипломдар табысталды.
 
Іс-шараның спикері, өңірлік оқу-практикалық дене тәрбиесі орталығының басшысы Бахтияр Түсіповтің айтуынша, бұл байқау жыл сайын 15 күн бойы өткізіліп, 500-ден астам қатысушыны қамтиды. Қалалар мен аудандар өзара бөлек сынға түседі, әр команда шамамен 30 қатысушыдан құралады.
 
— «Жыл сайын қатысушылардың дайындық деңгейі артып келеді. Оқу орындары тарапынан форма жаңартылып, саптық тәртіп пен үйлесімділік жақсарып жатыр. Дәстүрлі түрде Успен, Тереңкөл, Ертіс аудандары жақсы нәтиже көрсетіп келеді, басқа аудандар да қарқынды дайындалуда», — деді спикер.
 
«Сап және ән» байқауы – бұл жай ғана жарыс емес. Бұл – ұрпақтар сабақтастығын жалғап, жас буынның бойында елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухты қалыптастыратын маңызды шара.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1215734?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version