СЕРТІНЕ БЕРІК ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔰Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ел қауіпсіздігін сақтауға баса назар аударылды. 1992 жылдың 7 мамырында Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойылды. Өз әскеріміз құрылды. Биыл Қарулы күштердің құрылғанына 34 жыл толып отыр. Бұл күн Отанымыздың тыныштығын қорғап жүрген ерлерімізді ұлықтайтын күн. Халқымыз «Ер – елінің қорғаны» десе, батыр бабамыз Бауыржан Момыш­ұлының «Отан үшін отқа түс, күймейсің!» деген сөздері ел намысын өз тағдырынан әрқашан жоғары қойды.

🔰Бүгін аудандық мәдениет үйінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиын өтті. Елдік пен патриотизм ұран болған шараға қатысқан аудан әкімі Сәкен Мамытов құттықтау сөз сөйлеп, мемлекеттік тірегіне айналған Отан қорғаушыларға деген құрметтің қашан да асқақ болатынын жеткізді.

🔰Шара барысында бірқатар азаматтар “Ауданға сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісімен, аудан әкімінің, аудандық мәслихаттың Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарымен марапатталды. Кеш концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, “Сарысу” халықтық театрының патриоттық рухта бейнеленген көрінісі көптің көңілінен шықса, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары рухты әндерді шырқап, “Айжанқыз” халықтық бишілер ұжымы мың бұрала биледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu/press/news/details/1215629?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version