Шымкент пен Кутаиси бауырлас қалалар атанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласы мен Кутаиси қаласы арасында ресми түрде бауырластық қарым-қатынас орнатылды. Тиісті меморандум Шымкент делегациясының Грузияға жұмыс сапары аясында, Кутаиси қаласының күніне орай қол қойылды.

Делегация құрамында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Арман Сәбитов, қалалық мәслихаттың төрағасы Бахадир Нарымбетов және мәслихат депутаттары болды.

Құжатқа қол қою өңіраралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болып табылады және Қазақстан мен Грузия арасындағы екіжақты қатынастардың оң серпінін көрсетеді.

Келіссөздер барысында тараптар өзара іс-қимылдың басым бағыттарын айқындады. Атап айтқанда, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, инвестициялар тарту, туризмді дамыту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық саладағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері қарастырылды.

Бауырластық байланыстардың орнатылуы ынтымақтастықты жүйелі деңгейге көтеріп, іскерлік және гуманитарлық қатынастарды жандандыруға, тәжірибе алмасуға және бірлескен бастамаларды іске асыруға жаңа мүмкіндіктер береді деп күтілуде.

Жаңа серіктестік мәртебесі екі қала арасындағы өзара сенім, құрмет және стратегиялық әріптестік негізінде байланыстарды одан әрі нығайтып, тұрақты дамуына жол ашады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turizm/press/news/details/1215172?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version