9 мамыр – Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай Шымкент қаласында Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шараға Шымкент қаласы Полиция департаментінің басшысы Мұхтар Қожаев, ішкі істер органдарының ардагерлері, сондай-ақ қорғаныс және құқық қорғау саласының қызметкерлері қатысты.
Жиналғандар Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, батырлар рухына тағзым етті.
Салтанатты рәсім барысында құқық қорғау саласында адал қызмет атқарып, кәсіби біліктілігімен ерекшеленген бірқатар қызметкерлерге алғыс хаттар табысталды.
Мәңгілік алауға гүл қою рәсімі – Отан үшін жанын қиған қаһармандардың ерлігін ұлықтап, олардың есімін ұрпақ жадында сақтау мақсатында ұйымдастырылатын тағылымды шара. Сонымен қатар, бұл рәсім жас буынның бойында патриоттық сезімді қалыптастырып, ел тарихына құрметпен қарауға үндейді.
Аталған іс-шара бейбіт өмірдің қадірін ұғындырып, ерлік пен отансүйгіштік құндылықтарын дәріптеуге бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1215282?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау