«Cambridge Line School» мектебінің аумағында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығу сценарийіне сәйкес, мектептің бірінші қабатындағы мәжіліс залында электр сымдарының қысқа тұйықталуынан өрт шығып, қою түтін жоғарғы қабаттарға таралу қаупін тудырды. Жаттығу барысында мектеп қызметкерлері мен оқушыларды эвакуациялау, алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдану, сондай-ақ төтенше жағдайлар қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау әрекеттері пысықталды. Іс-шараға өрт сөндіру бөлімшелері, жедел-құтқару жасағы және медицина қызметтері жұмылдырылды. Мұндай жаттығулар төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыруға және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Жамбыл облысы ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1215333?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау