Таразда суретші Еркін Қайшыбектің «Ер атағын ел сақтар» жеке шығармашылық көрмесі ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Көркемсурет» галереясында ұлт мақтаныштары Қажымұқан Мұңайтпасұлытың 155 жылдығы мен Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтың 75 жылдық мерейтойына орай грек-рим күресінен спорт шебері, педагог және кәсіби суретші, ҚР суретшілер Одағының мүшесі, Мәдениет саласының үздігі Еркін Қайшыбектің «Ер атағын ел сақтар» атты жеке шығармашылық көрмесі ашылды.

Еркін Базарғалиұлы 1961 жылы 28 сәуірде Алматы облысы Нарынқол ауданы, Қайнар ауылында дүниеге келген. Қажымұқан атындағы Республикалық спорт мектеп-интернатының түлегі. 1982 жылы Абай атындағы ҚазПИ-дің көркемсурет-графика факультетін тәмәмдаған. Қазіргі таңда Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университет музейінің директоры.

Еркін Базарғалиұлының шығармашылығындағы басты артықшылықтардың бірі спорт пен бейнелеу өнері сияқты екі бағытты табысты ұштастыра білуінде. Кескіндемелік картиналар арқылы – спорт, ал спортты бейнелеу арқылы бейнелеу өнері насихатталады.

Көрменің салтнатты ашылу рәсімінде Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Абирхан Жанқұлов құттықтау сөзін сөйлеп, суретшіге басқарма басшысы Ерлан Жүнісбайдың алғыс хатын табыстады. Сондай-ақ, жиынға қатысқан сала өкілдері мен құрметті қонақтар жылы лебіздерін білдірді.

Айта кетейік, көрмеге автордың 40-тан астам шығармашылық жұмыстары қойылған. Көрмені мамырдың 20-на дейін тамашалай аласыздар!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-cultura-arhiv/press/news/details/1215722?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version