Құрметті ауыл шаруашылығы жануарларының иелері!
Халықтың қолайлылығы үшін «TortTulikMobile» мобильді қосымшасы енгізілді, ол сандық ветеринарлық қызметтерді онлайн-режимде алуға арналған.
Қосымшаның көмегімен ШҚ, ЖШС, ЖҚШ және басқа шаруашылықтардың иелері:
* мал басына түгендеу жүргізе алады;
* жаңадан сатып алынған жануарларды тіркей алады;
* сою немесе сату себептері бойынша жануарларды есептен шығара алады;
* ветеринариялық паспорттарды ресімдей алады;
* жануар және иесі туралы мәліметтерге өзгерістер енгізе алады;
* жануарлардың сәйкестендіру нөмірлерін (ЖСН) ауыстыра алады.
Қосымшаны пайдалану ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды уақтылы жүргізуге, жануарлардың қауіпсіздігін бақылауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ жүйеде ауыл шаруашылығы жануарларын есепке алудың толықтығы мен дұрыстығын сақтауға мүмкіндік береді.
«TortTulikMobile» қосымшасы барлық мобильді құрылғыларда Play Market-те жүктеп алуға қолжетімді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-esil-esil/press/news/details/1215080?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау