«Уылдырық шашу» профилактикалық шарасы: ШҚО-да тыйым салынған аймақта заңсыз балық аулау дерегі анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Уылдырық шашу» профилактикалық шарасы: ШҚО-да тыйым салынған аймақта заңсыз балық аулау дерегі анықталды

«Уылдырық шашу» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында өткізілген рейдтік жұмыстар барысында Тарбағатай ауданының полиция қызметкерлері аудан прокуратурасымен және балық инспекциясының өкілімен бірлесіп, Зайсан көлінің солтүстік-батыс бөлігіндегі жыл бойы балық аулауға тыйым салынған аймақта заңсыз кәсіппен айналысқан ауыл тұрғынын ұстады.

Оқиға орнынан «Парсун» маркалы моторы бар қайық және жалпы салмағы 55 келіге жуық көксерке балығы тәркіленді. Келтірілген шығын көлемі 450 000 теңгеден асты.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Су биоресурстарын заңсыз аулау, әсіресе уылдырық шашу кезеңінде және тыйым салынған аймақтарда жүргізілсе, экожүйеге айтарлықтай зиян келтіреді. Бұл балық популяциясының азаюына және табиғи теңгерімнің бұзылуына әкеп соғады.

ШҚО Полиция департаменті мұндай құқықбұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Азаматтарды табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға және табиғатты қорғау заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1215715?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version