“Заң мен Тәртіп” идеологиясын іске асыру мақсатында, 06.05.2026 ж. сағ. 11:00-де «Жезқазған Бизнес және көлік колледжі» жеке мекемесінде Ұлытау облысы Әділет департаментінің әкімшілік бөлімінің басшысы Г.К.Дюсенбаева, жастарды мемлекеттік қызметке тарту және ақпараттандыру мақсатында түсіндіру іс-шарасын өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кездесу барысында колледж студенттері мен түлектеріне мемлекеттік қызметке кіру тәртібі туралы толық ақпарат беріліп, іріктеу жүйесіндегі соңғы өзгерістер түсіндірілді. Атап айтқанда, конкурстық рәсімдердің ашықтығы, құзыреттерді бағалаудың жаңа тәсілдері және жас мамандар үшін мүмкіндіктердің кеңеюі туралы айтылды.
Сонымен қатар, қатысушыларға мемлекеттік қызметтің артықшылықтары, оның қоғам мен мемлекет үшін маңыздылығы, сондай-ақ мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы мәліметтер ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-ulytau/press/news/details/1215673?lang=kk

Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version