Бүгін Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен бөлімшелерінде күн ерекше мерекелік көңіл-күймен басталды. Әйелдер ұжымы өздерінің әріптес-ер азаматтарын Отан қорғаушы күнімен құттықтап, көтеріңкі көңіл күй, алғыс сөздер мен шын жүректен шыққан тілектерін арнады. Қиындығы мол, үлкен жауапкершілік пен әрдайым дайындықты талап ететін қызметке қарамастан, бұл күні ерекше жылы әрі достық атмосфера орнады. Қызметкерлерге әйел әріптестерінен шынайы алғыс пен жүрекжарды құттықтаулар жолданды.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау