Жамбылдық жас өрендер І орынды иеленіп, өңір мерейін үстем етті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алғаш рет ұйымдастырылған «Сөз бен саз» республикалық байқауы жай ғана мәдени шара емес, жас таланттардың шығармашылық әлеуетін жаңа белеске көтерген тағылымды өнер алаңына айналды. «Жас айтыскер», «Жас дәстүрлі әнші» және «Жас күйші» номинациялары бойынша өткен байқауда ұлттық өнердің өрісі кеңейіп, сахна төрінде талант пен талғам тоғысты.

8–13 және 14–18 жас аралығындағы қатысушылар өз өнерлерімен көрермен көңілінен шығып, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Бұл күн – ұлттық мұраға деген құрметтің, өнерге адалдықтың және жас буынға деген сенімнің жарқын көрінісі болды.

Байқау қорытындысы бойынша:

«Жас айтыскер» номинациясы:
Кіші топта Әділжан Әнуарбек (жетекшісі – Рай Дөңбай) — ІІ орын
Кіші топта Райымбек Керімбай (жетекшісі – Төле би Тәңірберген) — ІІІ орын
Жамбыл облыстық айтыскер ақындар, жыршы-термешілер орталығының айтыс үйірмесінің қатысушысы Мирас Жамалбек (жетекшісі – Дидар Апбасов) үлкен топта топ жарып, Бас жүлдені иеленді.

«Жас дәстүрлі ән» номинациясы:
Әлішев Мансұр — ІІІ орын

Сонымен қатар, жалпы командалық есепте Жамбылдық жас өрендер І орынды иеленіп, өңір мерейін үстем етті. Бұл жеңіс — Жамбыл облысының айтыс мектебінің мықтылығы мен қалыптасқан өнер мектебінің өміршеңдігін тағы бір мәрте айқын дәлелі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-cultura-arhiv/press/news/details/1215766?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version