Мемлекеттік қызмет шеңберінде:
– ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру жөніндегі қызметпен айналысуға лицензияны ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы береді;
– облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары (көрсетілетін қызметті берушілер) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия береді.
Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі, процестің сипаттамасы, нысаны, мазмұны мен нәтижесі, сондай-ақ өзге де талаптар «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында айқындалған.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді тіркеу немесе дара кәсіпкер ретінде қызметін бастау, ветеринариялық-санитариялық қорытынды, лицензия, лицензиялық алымның төленгені туралы мәліметтер (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) «электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынады.
Кеңсе қызметкері келіп түскен құжаттарды тіркеп, оларды жауапты қызметкерді тағайындау үшін басшыға жолдайды.
Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініштер келіп түскен жағдайда, құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Қағаз жеткізгіште ұсынылған құжаттардың қабылданғанын растау олардың көшірмесіне күні мен уақыты көрсетілген тіркеу белгісін қою арқылы жүзеге асырылады.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ нәтижені алу күні мен уақыты көрсетіледі.
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған немесе қолданылу мерзімі өткен құжаттар ұсынылған жағдайда, жауапты қызметкер өтінішті қараудан дәлелді бас тартуды дайындап, өтініш берушіге жібереді.
Құжаттардың толық топтамасы ұсынылған кезде жауапты қызметкер 2 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды алу үшін портал арқылы тиісті аумақтық бөлімшеге сұрау жолдайды.
Аумақтық бөлімше қызметкері қызметкері сұрау келіп түскен сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес профилактикалық бақылау жүргізу арқылы (объектіге барып) біліктілік талаптарына сәйкестікті тексереді. Нәтижесінде еркін нысанда қорытынды жасалады.
Аталған қорытындыға тараптар қол қойып, ол электрондық құжат түрінде портал арқылы аумақтық бөлімше басшысының ЭЦҚ-сымен куәландырылып жолданады.
Біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды алынғаннан кейін, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері 1 жұмыс күні ішінде лицензияны, лицензияға қосымшаны немесе дәлелді бас тартуды рәсімдейді.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» электрондық түрде жолданады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
– Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы;
– лицензиялық алымның төленбеуі;
– біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
– соттың заңды күшіне енген шешімімен қызметке тыйым салынуы немесе тоқтатылуы;
– сот орындаушысының ұсынысы негізінде борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салынуы;
– ұсынылған құжаттарда немесе деректерде анық емес (жалған) мәліметтердің болуы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangistau-upr-vet/press/news/details/1215158?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау