Санкт-Петербург, 2026 жылғы 6 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығы қарсаңында Санкт-Петербург қаласының Красногвардейск ауданындағы Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті.
Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығының, Санкт-Петербург қаласының Сыртқы байланыстар комитетінің, Красногвардейск ауданының әкімшілігінің, Санкт-Петербург заң шығару жиналысының өкілдері, әскери академияның тыңдаушылары, қазақ диаспорасы және Санкт-Петербург қаласындағы №140 мектеп оқушылары қатысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-s-petersburg/press/news/details/1215466?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау