«Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң жобаларының негізгі ережелерін халықпен кеңінен талқылау мақсатында жиын

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 29 сәуірде Қаратал ауданы әкімі аппаратының бас инспектор-заңгері Г.Сугралина Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң жобаларының негізгі ережелерін халықпен кеңінен талқылау мақсатында жиын өткізді. Қоғамдық талқылаудың басты мақсаты – азаматтардың пікірлері мен ұсыныстарын ескеру, жергілікті деңгейде шешім қабылдау процесіне халықтың қатысуын арттыру және заң жобаларының тиімділігін қамтамасыз ету. Талқылау барысында жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттіктері, олардың қаржылық дербестігі, жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге тұрғындардың қатысу тетіктері, сондай-ақ қоғамдық бақылау мәселелері қаралды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal/press/news/details/1215445?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version