7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Әуезов ауданында салтанатты мерекелік концерт ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Әуезов ауданында салтанатты мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Мерекелік іс-шараға ауданның күштік құрылымдарының өкілдері, әскери сала қызметкерлері, ардагерлер, қоғам қайраткерлері мен аудан тұрғындары қатысты.

Салтанатты кеш барысында Отан алдындағы адал қызметі мен ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін бірқатар азаматтар Әуезов ауданы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Мерекелік концерттің басты ерекшелігі – Қазақстанның мәдени өмірінде ерекше орны бар шығармашылық ұжымдардың өнер көрсетуі болды.

Кеште Қазақстанның ең көне әрі танымал ұжымдарының бірі — Алматы қаласы әкімінің Мемлекеттік концерттік оркестрі, Қазақстан Республикасының Халық әртісі Мұрат Серкебаевтің жетекшілігімен өнер көрсетті.

Концерттік бағдарламада классикалық және заманауи музыкалық шығармалар орындалып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Кеш қонақтары:
– Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Жәмиля Серкебаева,
– Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Абай атындағы театрдың жетекші солисі Олег Татамиров,
– халықаралық конкурстардың лауреаты Диана Самыкен

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1215844?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version