Қазақстан дипломаттары Ұлы Отан соғысы жылдарында Беларусьті азат ету үшін күрескен қазақстандық жауынгерлерді еске алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Минск, 2025 жылғы 6 мамыр Ұлы Жеңістің 81 жылдығы қарсаңында Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі Тимур Жақсылықов Минск қаласының М.Әуезов атындағы №143 орта мектебінің аумағында Беларусьті азат ету үшін күрескен қазақстандық жауынгерлерге арналған Монументке гүл шоқтарын қойды.

Салтанатты рәсімге Елшілік дипломаттары, Беларусьте оқитын қазақстандық курсанттар мен студенттер, қазақ диаспорасының өкілдері, оқушылар мен мектептің педагогикалық құрамы қатысты.

Сол күні Елшілік дипломаттары Минск облысы Молодечное ауданы Радошковичи кентіндегі Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің бауырлас қабірінде қазақстандық жауынгерлерді еске алды. Бұл жерде қазақстандық жауынгерлер Бақтыораз Бейсекбаев пен Әбдіжапар Мамиев жерленген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-minsk/press/news/details/1215819?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version