Қазақстан Елшісі Солтүстік Македонияның «KAZ Group» компаниясының басшылығымен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Скопье, 2026 жылғы 29 сәуір – Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшісі Сатыбалды Бұршақов «KAZ Group» компаниясының Бас директоры Катерина Здравескамен кездесті.

Кездесу барысында Елші С.Бұршақов компания басшылығын Қазақстандағы қазіргі саяси, сауда-экономикалық және әлеуметтік жағдай туралы, сондай-ақ қазақ-македон ынтымақтастығының перспективалары туралы ақпараттандырды.

Қазақстандық дипломат қалалық сумен жабдықтау желілерінде пайдалануға арналған жалғауыш түйіндер, клапандар, гидранттар, жоғары берікті шойын мен болаттан жасалған фитингтер, люктер және басқа да бұйымдар сияқты сантехникалық элементтердің кең спектрін өндіру және сатумен айналысатын компанияның қызметімен танысты.

К.Здравеска «KAZ Group» компаниясының айтарлықтай экспорттық әлеуеті және шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты дамытуға ұмтылысы бар екенін атап өтіп, Қазақстаннан келген серіктестермен жаңа мүмкіндіктер ашуға дайын екенін білдірді.

Елші С.Бұршақов екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды дамытудың маңыздылығын атап өтіп, «KAZ Group» компаниясын қалалық инфрақұрылым және сумен жабдықтау саласындағы қазақстандық кәсіпорындармен серіктестік қатынастар орнату мүмкіндіктерін зерттеуге шақырды.

Кездесуге сонымен қатар Илинден муниципалитетінің мэрі Александар Георгиевски қатысты. Ол муниципалитеттің дамыған өнеркәсіп орталығы екенін және халықаралық ынтымақтастық үшін айтарлықтай әлеуеті бар екенін атап өтті.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/1215929?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version