Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын!
Мереке ерлік, абырой және Отанға адалдықтың жоғары символы.
Мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оның тұрақты дамуы – мемлекет пен әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Бұл қағидаттар жаңа Конституцияда айқындалған.
Отан қорғаушылар күніне арналған іс-шарада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Конституция мемлекеттігіміз бен егемендігіміздің мызғымас кепілі. Бас құжатта халқымыздың мүддесі, мақсат-мұраты мен бірегей құндылықтары көрініс тапты. Жаңа Ата заңда Егемендік пен Тәуелсіздікті қорғау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау, халқымыздың әл-ауқатын арттыру, бірлігін күшейту бұлжымас қағидат ретінде айқындалды. Адам капиталын, білім-ғылымды, инновацияны дамыту мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде бекітілді. Осылайша, біз Заң мен тәртіп үстемдік құратын, баршаға бірдей мүмкіндік берілетін, Әділетті, Қуатты, Өркениетті мемлекет құру жолына бет алдық. Қазақстанның мақсаты – биік, бағдары – айқын. Ырысты ынтымағымызды және берекелі бірлігімізді сақтай білсек, осы мұратымызға жетеміз», – деп айтты.
Білім саласы осы мақсаттарға қол жеткізуде негізгі рөл атқарады. Қазақстанның барлық өңірлеріндегі педагогтер жас ұрпаққа патриотизм, заңға құрмет және Отанға сүйіспеншілік құндылықтарын сіңіру арқылы жауапты азаматтарды қалыптастыруға күнделікті үлес қосуда.
Мереке құтты болсын!
Әрбір шаңыраққа бақыт, береке, зор денсаулық және амандық тілеймін!
Еліміздің айбыны асқақ, мерейі үстем болсын!
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі
Жұлдыз Сүлейменова
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/1215932?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау