Қостанайда заманауи IT-мектеп ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қостанай облысында цифрлық білім беруді дамыту бағытында маңызды жоба іске қосылды. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті базасында Tomorrow School инновациялық IT-мектебі Мемлекет басшысының қатысуымен телемост форматында ресми түрде ашылды.

Tomorrow School — Peer-to-Peer қағидатына негізделген жаңа буындағы білім беру жобасы. Оның басты ерекшелігі — дәстүрлі оқыту моделінен бас тартып, оқытушылар мен классикалық дәрістерсіз білім алу форматын ұсынуы. Қатысушылар оқу материалдарын өз бетінше меңгеріп, бір-бірімен тәжірибе алмасып, практикалық тапсырмаларды бірлесіп орындайды.

Жоба Astana Hub халықаралық технопаркі экожүйесінде Alem.ai Foundation корпоративтік қорының қолдауымен, әлемдік деңгейдегі 01 Edu білім беру платформасы негізінде жүзеге асырылуда.

Оқу толықтай тегін және 18 жастан асқан барлық азаматтарға қолжетімді. Бағдарламаға қатысу үшін бағдарламалау саласында алдын ала тәжірибенің болуы міндетті емес.

Оқу үдерісі толықтай практикалық бағытқа негізделген. Қатысушылар нақты жобалармен жұмыс істеп, командалық өзара іс-қимыл арқылы дағдыларын жетілдіреді және тапсырмаларды өзара тексеру арқылы білімдерін нығайтады. Бұл тәсіл IT-салада сұранысқа ие қолданбалы құзыреттерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Білім беру бағдарламасы бағдарламалау негіздерінен бастап, күрделі техникалық бағыттарға дейінгі толық циклді қамтиды. Барлық тапсырмалар саланың нақты талаптарына барынша жақындатылған.

Айта кету керек, кампус тәулік бойы, яғни 24/7 режимінде жұмыс істейді. Бұл қатысушыларға оқу процесін өз уақыттарына қарай икемдеп, жеке оқу траекториясын қалыптастыруға жағдай жасайды.

Аталған жобаны іске асыру өңірде IT-экожүйені дамытуға, заманауи білімге қолжетімділікті арттыруға және цифрлық экономика үшін жаңа буын білікті мамандар даярлауға серпін береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1215877?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version