САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА  ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ КӨРКЕЙТУ ЖОБАЛАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

 

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев аудан аумағындағы бірқатар нысандарды аралап, құрылыс және абаттандыру жұмыстарының орындалу барысымен танысты. Жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, жұмыстарды белгіленген мерзімде сапалы аяқтау қажеттігі қатаң ескертілді. Сонымен қатар, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне жөндеу жұмыстарының барысын тұрақты бақылауда ұстау міндеттелді.

 

Алдымен аудан басшысы Қазығұрт ауданымен шектесетін аумақта орналасқан ауданның кіреберіс қақпасы – төлқұжат нысанын жаңғырту жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда нысанда іргетасын құю жұмыстары жүргізіліп, баспалдақ құрылысы аяқталуға жақын. Сондай-ақ тас қаптау жұмыстары атқарылуда.

 

Сонымен қатар, аудан әкімі Сарыағаш қаласы арқылы өтетін республикалық маңызы бар А-15 автомобиль жолы бойындағы абаттандыру және көркейту жұмыстарын да бақылап, жоба эскизімен танысты.

 

Бүгінде аталған жол бойында абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Құрылыс-монтаж жұмыстары мердігер мекеме – «BY Construction» ЖШС тарапынан атқарылуда. Жобаның тапсырыс берушісі – Сарыағаш қаласы әкімінің аппараты.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1215878?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version