Сарыағаш ауданына қарасты Тегісшілдік ауылдық округіндегі Мәдениет елді мекенінде бой көтеріп жатқан 75 орындық мәдениет үйі мен кітапхана ғимаратының құрылыс барысы аудан әкімі Арман Абдуллаевтың бақылауында. Аудан басшысы нысан басында болып, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын пысықтады.
Тексеру барысында Арман Абдуллаев құрылыс жұмыстарының сапасына ерекше мән беру қажеттігін атап өтіп, жауапты сала мамандарына барлық жұмыстарды бекітілген талаптар мен стандарттарға сай, жоғары деңгейде орындауды қатаң тапсырды. Сонымен қатар, нысанның уақытылы әрі сапалы пайдалануға берілуі басты міндет екені ескертілді.
Аталған жоба «Мәдени объектілерді дамыту» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда ғимараттың сыртқы абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, құрылыс үдерісі бекітілген жоспарға сәйкес қарқынды түрде жалғасуда. Нысанның мердігері – «Строительная компания «Люкс сервис» ЖШС, ал тапсырыс беруші – ауданның құрылыс және сәулет, қала құрылысы бөлімі.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1215873?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау