ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Қазақстанның ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі мәселелеріне жауапкершілікпен қарауға шақырады. Дәстүрлі түрде мереке күндері табиғат аясында демалушылар саны артып, аумақтарды тазарту жұмыстары да күшейеді.

  Осыған байланысты ТЖМ табиғатта болғанда, сондай-ақ сенбіліктер өткізу, аулаларды, саяжай және бау-бақша учаскелерін тазалау кезінде барынша сақ болуға шақырады.

  Құрғақ, ыстық және желді ауа райында от жағуға және қоқыс өртеуге қатаң тыйым салынады. Қолайлы ауа райы жағдайында ашық отты тек арнайы белгіленген орындарда, ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 метр қашықтықта және міндетті түрде тұрақты бақылаумен пайдалануға рұқсат етіледі.

  Мангал, гриль және барбекю құралдарын пайдалану ғимараттардан кемінде 10 метр қауіпсіз қашықтық сақталған жағдайда рұқсат етіледі. Сонымен қатар тағам дайындайтын орын алғашқы өрт сөндіру құралдарымен – өрт сөндіргішпен немесе көлемі кемінде 10 литр суы бар ыдыспен жабдықталуы тиіс.

  Алдын алу мақсатында құрамына ТЖМ қызметкерлері, полиция, орман шаруашылығы және жергілікті атқарушы органдар өкілдері кіретін мобильді топтар рейдтер мен патрульдеу жүргізуде. Өрт қауіпті кезең басталғалы бері 2000-нан астам профилактикалық іс-шара ұйымдастырылып, оның барысында азаматтармен қауіпсіздік шаралары және өрт анықталған кездегі іс-қимыл тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін 800-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

  ТЖМ азаматтарды өрт қауіпті кезеңде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады:

  • от көздерін қараусыз қалдырмаңыздар;
  • толық сөндірілмеген темекі тұқылдары мен сіріңкелерді тастамаңыздар;
  • құрғақ шөпті өртеуге жол бермеңіздер;
  • аумақтарды жанғыш қоқыстан уақтылы тазартыңыздар;
  • балалардың отпен ойнауына жол бермеңіздер.

  Өрт белгілері анықталған жағдайда дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыздар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1215892?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version