🔰 ТҮЛКІБАС: МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕР МЕН ЕҢБЕК ШАРТТАРЫН ТІРКЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ағымдағы жылдың 6 мамыр күні Түлкібас ауданындағы кездесуде Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен Департаментпен бірлескен кездесуде Түркістан облысы аумағында зейнетақы жарналары аударылмаған, жазатайым оқиғадан сақтандыру шартын жасамаған және еңбек шарттарын тіркемеген мекемелер бойынша мәселелер талқыланды.
 
Кездесуге Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Кәлмен Бақдәуір Тынысбекұлы, Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Сапарқұлов Ғалымжан Сейдуәліұлы, Түлкібас аудандық мансап орталығының директоры Тілемисов Мұхит Бектұрсынович, Түркістан облысының Еңбек мобильдігі орталығының директоры Байбатчаев Ерсұлтан Жаңабайұлы, ауыл әкімдері, тиісті мекеме басшылары мен өңірдегі кәсіпорын иелері және жұмыс берушілері қатысты.
 
Кездесу барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Ғалымжан Сейдуәліұлы жазатайым оқиғадан сақтандыру шарттарын рәсімдеу, еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕШЕАБЖ) еңбек шарттарын электронды түрде рәсімдеу тәртібі, міндетті төлемдерді уақытылы аудару, оның ішінде зейнетақы жарналарын аудару қажеттігі туралы түсіндірме беріп өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1216082?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version