🔰 ТҮЛКІБАС: ӨҢІРДЕГІ МЕКЕМЕЛЕРГЕ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ ТАЛАПТАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ БОЙЫНША МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Мемлекеттік еңбек инспекцясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Түркістан облысының Еңбек мобильдігі орталығымен бірлесе Түлкібас ауданында еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында өңірдегі мекемелерге мониторинг жұмыстары жүргізілді.
 
Департаменттің «Еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің» басшысы Сапарқұлов Ғалымжан Сейдуәліұлы мен Түркістан облысының Еңбек мобильдігі орталығының директоры Байбатчаев Ерсұлтан Жаңабайұлы жүргізген мониторинг іс-шарасы барысында қызметкерлердің еңбек шарттарының рәсімделуі, міндетті зейнетақы жарналарының уақытылы аударылуы, жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарының жасалуы және еңбек қатынастарына қатысты өзге де талаптардың орындалуы зерделенді.
 
Мониторинг барысында анықталған кемшіліктер бойынша Ғалымжан Сейдуәліұлы тарапынан мекеме өкілдеріне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамалары талаптары түсіндіріліп, заңбұзушылықтардың алдын алу бағытында нақты ұсынымдар берілді.
 
Аталған жұмыстар еңбек қатынастары саласындағы заң талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге, қызметкерлердің құқықтарын қорғауға және әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1216601?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version