7 мамыр – Отан Қорғаушылар күніне орай Қарашыған ауылдық округіне қарасты М.Төлебаев ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пунктінің аумағына Сарқан ауданының Құрметті азаматы Арғынғазы Сыздықов демеушілік жасап, 10 түп қарағай көшетін сыйға тартып, отырғызу жұмыстарына қолдау көрсетті. Бұл игі іс – туған жерді көркейтуге, ауылдың ажарын арттыруға және қоршаған ортаны қорғауға қосылған зор үлес. Осындай сауапты бастаманың ұйытқысы болған Арғынғазы Сыздықовқа ауыл тұрғындары атынан зор алғыс білдіреміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-karashygan/press/news/details/1216852?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау