Ақтөбе қаласы әкімінің аппаратында өңірдегі стратегиялық маңызы бар объектілерді ұшқышсыз ұшу жүйелерден (бұдан әрі – ҰҰЖ) қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.
Іс-шараға дрондарға қарсы жабдықты жеткізуге маманданған «STS Solution» компаниясының мамандары қатыстырылды.
Аталған мекеме мамандары қатысушыларға ҰҰЖ анықтау мен бейтараптандыруға арналған заманауи құрылғылар жөнінде ақпарат жеткізді.
Жиынға қатысушылар жабдықтың түрлері, нысандардың ерекшелігі мен санатын ескере отырып, оны орналастыру нұсқалары, сондай-ақ қызмет көрсету, техникалық қолдау және персоналдың оқыту шарттары бойынша мәлімет алды.
Шараға қаланың стратегиялық маңызы бар объектілердің 30-ға жуық басшысы қатысып, нысандарды қазіргі заманғы ҰҰЖ-ге қарсы құралдармен кезең-кезеңмен жарақтандыру және терроризмге қарсы қорғаныс деңгейін арттыру мәселелері талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша ҰҰЖ-ін қолдану арқылы ықтимал қауіптердің алдын алуға бағытталған заманауи технологиялық шешімдерді енгізудің өзектілігі атап өтілді.
Материалды дайындаған Ақтөбе облысы бойынша ҰҚКД ТҚО бөлімі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1216301?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау