ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті Терроризмге қарсы орталық бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық, қалалық ТҚК хатшыларына семинар өткізілді.
Семинарда ТҚК хатшыларына профилактика жұмыстарының жаңа бағыттары, кәмелетке толмағандармен жүргізілетін профилактикалық шаралардың ерекшеліктері және террористік тұрғыдан осал объектілердің қызметін үйлестіру бойынша негізгі мәселелері талқыланып, түсіндірілді.
Сонымен бірге, жаңадан тағайындалған хатшыларға әдістемелік-тәжірибелік көмек көрсетілді, нормативтік құқықтық актілер мен алгоритмдердің талаптары түсіндірілді.
Жиын барысында облыстық ТҚК аппаратының қызметкерлері аудандық, қалалық ТҚК хатшыларының жұмыстарын саралап, баға берілді және төмен нәтиже көрсеткен аудандардың жұмыстарын көтеру бойынша ұсыныстар енгізілді.
Республикалық ТҚО-ның, облыстық және аудандық ТҚК-ның хаттамалық тапсырмаларын мүлтіксіз орындау қажеттігі туралы сөз қозғалды.
Семинар қорытындысымен, ҚР ҰҚК ТҚО Штабымен дайындалған тест қабылданып, нәтижелері қосымша талқыланды.
Алдағы уақытта облыстық ТҚК мүшелерімен аудан, қалаларға әдістемелік-тәжірибелік көмек көрсету мақсатында іс-сапарлар ұйымдастырылатындығы және дайын болу қажеттігі жеткізілді.
ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің ТҚО бөлімі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1216352?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау