Байзақ аудандық орталық ауруханасында ақпараттық-түсіндіру жұмысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

24.04.2026 жылы Байзақ аудандық орталық ауруханасында №3 МӘС мамандарының қатысуымен ақпараттық-түсіндіру жұмысы ұйымдастырылды. Кездесу барысында мүгедектікке алғаш шығу, қайта куәландыру, сырттай-проактивті куәландыру және оңалту бағыттары бойынша маңызды мәселелер талқыланды.

 

📊 2025 жылғы көрсеткіштер бойынша:

🔹 Алғаш рет куәландырудан – 204 адам өтті

🔹 Оның ішінде:

👨 Ересектер – 138 адам

🧒 0–18 жас аралығындағы балалар – 66 адам

 

🔹 Сырттай проактивті сараптамаға – 110 адам жіберілді

🔹 Көзбе-көз куәландырудан – 94 адам өтті

 

2025 жылғы негізгі ауру көрсеткіштері:

1️⃣ Психикалық бұзылулар және мінез-құлық бұзылыстары – 31,9%

2️⃣ Қатерлі ісіктер – 29,0%

3️⃣ Ми қан айналымы және қан тамырлары аурулары – 12,3%

 

Кездесу барысында құжаттарды сапалы әрі уақытылы рәсімдеу, негізсіз жолдамалардың алдын алу және абилитация мен оңалту бағдарламалары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhambyl/press/news/details/1216412?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version