Балқаш ауданында Жастар форумы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы облысы Балқаш ауданында Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында жастар форумы өтті. Тағылымды шара жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және заңға құрмет мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

Іс-шараны өңірлік Полиция департаментінің Есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі Кеңесі мен Жастар ресурстық орталығы бірлесіп ұйымдастырды. Форумға 500-ге жуық жас қатысып, құқықтық мәдениет, құқық бұзушылықтардың алдын алу, есірткі қылмысы, киберқылмыс және діни экстремизм мәселелері кеңінен талқыланды.

Спикерлер қатарында мемлекеттік органдардың, прокуратура, полиция және психологиялық қызмет өкілдері болды. Олар жастардың құқықтық санасын арттыру, интернет қауіпсіздігі мен зиянды әдеттердің алдын алу бойынша пікірлерімен бөлісіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ танымал спортшылар салауатты өмір салтын насихаттады.

Форум аясында қатысушылар қызметтік иттердің жұмысын тамашалады. Сонымен қатар, оқушылар арасында сурет жарысы ұйымдастырылып, үздік жұмыстар марапатталды.

Шара соңында қатысушылар заң мен тәртіпті сақтау – әр азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1216718?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version