Алматы қаласы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы Жол картасын іске асыру шеңберінде Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ және Ғ. Дәукеев атындағы АЭжБУ студенттерімен кездесу өткізді. Үшжақты меморандум негізінде ұйымдастырылған іс-шара барысында болашақ мамандарға салалық қауіпсіздік негіздері түсіндіріліп, кәсіби қолдау көрсету жұмыстары жүргізілді. Бұл бастама алдағы уақытта білікті кадрлар даярлау мен өндірістік қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға септігін тигізбек.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1216347?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау