Ағымдағы жылғы 6 мамыр күні Ақордада Мемлекет басшысының Жарлығымен ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін құқық қорғау органдарының бірқатар қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Марапатталғандардың қатарында Қазақстан Республикасы ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының полицейі полиция старшинасы Қабиев Асан Нұрболатұлы бар. Ол көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін «Ерлігі үшін» медалімен наградталды.
Айта кетейік, 2025 жылғы 10 қараша күні полиция старшинасы Асан Нұрболатұлы Орал қаласында әріптестерімен бірге Шаған су қоймасында суға батып бара жатқан азаматшаны құтқарып қалған. Қызметтік борышын адал атқара отырып, ол батылдық пен жоғары кәсібилік танытты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kkod-mvd/press/news/details/1215996?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау