Қаламыздағы 31 жалпы білім беретін орта мектептің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Шараның мақсаты жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Жиынға қатысқан Әділет департаментінің мамандары,адвокат,жеке сот орындаушы мен мектептің полиция қызметкері бүгінгі таңда қоғамда кездесіп қалып отырған түйткілді мәселелерді айтты. Мысалы телефон алаяқтығы,интернеттегі белгісіз ойындардан сақтану жолдары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жіті түсіндірілді. Сондай ақ, Жаңа Конституциямыздың мән маңызы баяндалды. “Заң мен Тәртіп” қағидаты аясында өткен шараға мектеп оқушылары үлкен ыждағаттылық танытты.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау