Діни экстремизмнің алдын алу – ортақ міндет

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазіргі таңда әлемдік қоғамдастықты алаңдатып отырған маңызды мәселелердің бірі – діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу. Бұл құбылыстар қоғам тұрақтылығына, азаматтардың қауіпсіздігіне және мемлекет тұтастығына үлкен қауіп төндіреді.
Осы бағытта Қостанай облысы Ұзынкөл аудандық ақпараттық-түсіндіру тобы жұмыс жүргізіп келеді. Топ құрамында аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы Перизат Ахмахан бар. Біз маманмен осы өзекті тақырып төңірегінде сұхбаттасқан едік.
– Қазіргі кезде діни экстремизм мәселесі неге өзекті болып отыр?
– Діни экстремизм – дінді өз мақсаттарына пайдаланып, заңға қайшы әрекеттер жасау, қоғамда алауыздық тудыру және радикалды идеологияны насихаттау болып табылады.
Мұндай ағымдар көбінесе азаматтардың діни сауатсыздығын пайдаланып, жалған уағыздар арқылы жастарды өз қатарларына тартуға тырысады. Сондықтан бұл мәселе қоғам үшін өте маңызды.
– Елімізде бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылуда?
– Қазақстан Республикасы – зайырлы мемлекет. Конституцияға сәйкес әрбір азаматтың ар-ождан бостандығына құқығы бар. Алайда бұл бостандық заң талаптарын бұзуға немесе қоғам тыныштығына қауіп төндіруге жол бермейді. Сондықтан елімізде діни экстремизмнің алдын алу мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады.
– Экстремистік ұйымдар көбіне қандай тәсілдерді қолданады?
– Қазіргі уақытта экстремистік ұйымдар әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігін белсенді пайдаланады. Жалған діни ақпараттар, күмәнді бейнематериалдар мен түрлі үндеулер адамдардың санасына әсер етуі мүмкін. Сондықтан интернеттегі діни мазмұндағы ақпаратты сын көзбен қабылдап, оның сенімді дереккөзден алынғанына көз жеткізу қажет.
– Діни радикализмнің алдын алуда тиімді жолдары қандай?
– Ең тиімді жолдардың бірі – халықтың діни сауаттылығын арттыру. Осы бағытта елімізде ақпараттық-түсіндіру топтары жұмыс жүргізіп, кездесулер, семинарлар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып келеді.
Мұндай шаралардың басты мақсаты – радикалды діни ағымдардың белгілерін түсіндіру және олардың қоғамға қауіпті тұстарын көрсету.
– Аудан көлемінде нақты қандай жұмыстар атқарылып жатыр?
– Аудандық ішкі саясат бөлімі аудан тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру мақсатында түрлі форматтағы кездесулер мен түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Мәселен, этносаралық келісім тақырыбында қаңтар-наурыз айлары аралығында 6 кездесу өткізілді.
Сонымен қатар діни мәселелер бойынша түрлі санаттағы топтармен 34 кездесу ұйымдастырылды.
– Аудан тұрғындарына қандай кеңес берер едіңіз?
– Әрбір азамат өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы тиіс. Күмәнді діни ұйымдардан, рұқсатсыз діни сабақтардан және жасырын үгіт-насихаттан аулақ болған жөн. Егер қандай да бір күмәнді жағдай туындаса, тиісті мемлекеттік органдарға немесе дін саласының мамандарына жүгінген дұрыс.
Қоғамның тұрақтылығы мен елдің тыныштығы – баршамызға ортақ құндылық. Сондықтан діни экстремизмнің алдын алу – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.
Сұхбат үшін рахмет.

Материал Қостанай облысы бойынша ТҚК
аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1216356?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version