Ұйымдастырушы: «Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ.
Мектеп оқушыларын және педагогтерді облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз!
Өтетін күні: 2026 жылғы 20 мамыр;
Өтетін орны: Қарағанды қаласы;
Конференцияның негізгі мақсаты: «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында жастар арасында экологиялық мәдениетті дамыту және өңірдің өзекті экологиялық мәселелерін шешуге тарту.
Конференция бағыттары:
– қоршаған ортаны қорғау;
– жануарларға жанашырлықпен қарау;
– энергияны үнемдеу;
– қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу;
– су ресурстары;
– биоалуантүрлілік;
– экология және адам денсаулығы;
– және басқа да экологиялық тақырыптар;
Қатысу форматы: ғылыми жобаларды таныстыру (5–7 минут);
Қатысуға шақырылады:
мектеп оқушылары, колледж студенттері және педагогтер;
Жеңімпаздарды дипломдар мен бағалы сыйлықтар күтеді, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады!
тел.8 702 029 84 87
@prirodnye.resursy.krg
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-tabigat/press/news/details/1216960?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау