Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған лекция дыбыстық хабарландыру жүйесі арқылы ұйымдастырылды.
Алматы қаласы Алатау ауданындағы Кеңжехан-1 сауда орталығының аумағында Конституцияның мәні мен экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сауда орталығына келушілер үшін халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған лекция дыбыстық хабарландыру жүйесі арқылы ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты тақырыбы Конституцияның қоғам өміріндегі рөлі, сондай-ақ заңдарды сақтау және радикалды идеяларға қарсы тұру қажеттілігі болды. Ұйымдастырушылар бүгінгі күні азаматтарға құқықтық мемлекеттің негіздерін уақтылы түсіндіру және экстремизм қаупі туралы айту аса маңызды екенін атап өтті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы, философия ғылымдарының докторы, дінтанушы Руслан Сәрсембаев дәріс оқыды.
Сарапшының айтуынша, еліміздің құқықтық жүйесінің негізі Конституция. Ол барлық заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына қатаң сәйкес қабылдануы және жүзеге асырылуы тиіс екенін атап өтті.
Сөз барысында қатысушыларға еліміздің жаңартылған негізгі заңының қоғамдағы заңдылықты сақтаудағы маңызы егжей-тегжейлі түсіндіріліп, заңнама талаптарын сақтау әрбір азаматтың міндеті екенін еске салды.
Тыңдаушылар саны шамамен 1300 адамды құрады.
Материал Алматы қаласы бойынша
ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалған
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1216287?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау