Ерсайын Нағаспаев Жеңіс күні қарсаңында ҰОС ардагерін құттықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев ел тарихында ерекше орын алатын, мемлекеттік мереке ретінде жыл сайын 9 мамырда аталып өтетін Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагері Рзағұл Байкешевпен кездесті.

Министр Ұлы Отан соғысының ардагерін құттықтап, қазақстандықтардың бейбіт өмір сүруіне және Жеңіске қосқан үлесі, Отанын қорғау жолындағы ерлігі мен батырлығы үшін құрмет көрсетіп, ризашылығын білдірді.

Ерсайын Нағаспаев кездесу соңында ардагерге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, бақ-береке тіледі.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің орынбасарлары да Жеңіс күніне орай тыл еңбеккерлерімен жүздесіп, оларды мерекемен құттықтады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/1216939?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version