«Келешек мектептері» оқушылары «Жас Ұлан» байқауына қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

№83 жалпы білім беретін орта мектепте өткен «Жас Ұлан» әскери-саптық байқауына «Келешек мектептері» желісінің 175 оқушысы қатысты. Іс-шара Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылып, «Заң және тәртіп» идеясын насихаттау аясында өтті.
🇰🇿Байқау жас ұрпақ арасында патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталды. Оның басты мақсаты — оқушылардың Отанға деген құрметін арттыру, азаматтық жауапкершілікке, тәртіпке баулу.
Сайыс барысында қатысушылар саптық дайындық бойынша өз деңгейлерін көрсетіп, ұйымшылдық пен тәртіптілігін танытты.
Бағдарлама аясында қатысушылар офицерлік вальс, дефиле ұсынып, патриоттық әндер орындады. Бұл байқауға ерекше мазмұн беріп, тәрбиелік мәнін арттыра түсті.
Мұндай шаралар оқушылардың тек дене дайындығын ғана емес, сондай-ақ ұлттық және рухани құндылықтарды нығайтуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1215998?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version