Сәкен Қаныбековтің төрағалығымен мемлекеттік қызметшілер қатарында кәсіби әдепті сақтау және әлеуметтік тәуекелдердің алдын алу шаралары бойынша кеңес өтті. Қатысушылардың негізгі назары қызметкерлердің моральдық-имандылық бейнесін нығайтуға және ұжымды деструктивті тәуелділіктерден, атап айтқанда — құмар ойындардан қорғауға бағытталды.
Негізгі баяндаманы Аманжол Махашев жасап, ол әдептілік мінез-құлық стандарттарына және мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіруі мүмкін тәуекелдерге егжей-тегжейлі тоқталды.
Кездесу аясында ҚР ДСМ Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы филиалының әлеуметтік-психологиялық зертханасының психологы Ларина Алеся Сергеевна сарапшылық пікір білдірді. Ол «Лудоманияға кіріспе» атты баяндамасында тәуелділіктің қалыптасуының психологиялық тетіктерін ашып көрсетіп, құмар ойындарға тәуелділікті ерте диагностикалау әдістерін ұсынды және жоғары кәсіби жауапкершілік жағдайында менталды саулықты сақтау бойынша практикалық ұсыныстар берді.
Кеңес барысында қатысушылар заманауи технологиялық азғырулардың ведомство жұмысының тиімділігіне әсер ететін өзекті мәселелерді жан-жақты қарастырды. Идеологиялық жұмысты күшейту, тұрақты психологиялық тренингтер өткізу және ішкі бақылау шараларын жетілдіруді қамтитын нақты шешу жолдары белгіленді.
Мемлекеттік қызметшілер тек жұмыс уақытында ғана емес, сонымен қатар күнделікті өмірде де қоғамның мемлекеттік институттарға деген сеніміне нұқсан келтіретін кез келген әрекеттерден аулақ болып, мінсіз мінез-құлықтың үлгісі болуы тиіс екеніне ерекше назар аударылды.
Іс-шараны қорытындылай келе, төрағалық етуші Сәкен Қаныбеков тәуелділіктің кез келген түріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру кадр саясатының басым міндеті екенін атап өтті. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметшінің кәсібилігі оның моральдық тұрақтылығымен ажырамас байланысты екенін айтып, құрылымдық бөлімше басшыларын ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал үшін дербес жауапкершілікті күшейтуге және қызметкерлердің құмар ойындарға тартылуына жол бермеу үшін барлық қажетті жағдайларды жасауға шақырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/agroindust/press/news/details/1216879?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау