Мемлекеттік қазынашылық комитетінің ұжымы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл ардагерлерін құттықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жеңіс күні қарсаңында Мемлекеттік қазынашылық комитетінің ұжымы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл ардагерлеріне шынайы алғысын білдірді.

Құрмет пен ризашылықтың белгісі ретінде тыл еңбеккерлеріне тәттілер мен жеміс-жидектерден құралған сыйлық себеттері табысталды. Олардың соғыс жылдарындағы ерен еңбегі майдан үшін сенімді тірек болып, Ұлы Жеңіске өлшеусіз үлес қосты.

Біз бейбіт өмір мен болашақ ұрпақ үшін аянбай еңбек еткен жандардың ерлігін әрдайым құрметтейміз. Ардагерлерге қамқорлық көрсету — ортақ борышымыз әрі алғысымыздың белгісі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazyna/press/news/details/1216609?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version