2026 жылғы 4-8 мамырда Чистопол ауылдық округі әкімі аппаратының маманы өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы арқылы электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу мәселелері бойынша түсініктемелер берілді, оның ішінде: « электрондық цифрлық қолтаңба алу», «мобильді азаматтар базасында тіркеу», «сотталмағандығы туралы анықтама алу», «Ф-6 (жылжымайтын мүліктің болуы туралы) анықтама алу», «наркологиялық науқастарда динамикалық байқаудың болмауы туралы анықтама», «Психикалық және мінез-құлық бұзылыстары бар адамдарда динамикалық бақылаудың жоқтығы туралы анықтама».
Электрондық қызметтерді танымал ету бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу кезінде 15 адам қатысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-chistopolye/press/news/details/1216926?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау