Мұғалжар аудандық мәслихатының ХАБАРЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мұғалжар аудандық мәслихатының 

ХАБАРЫ

 

Аудандық мәслихат «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10 бабының 3 тармағына сәйкес әр түрлі себептермен округтік, учаскелік сайлау комисссияларының құрамынан шығып қалған комиссия мүшелерінің орнына кандидатураларды ұсынудың басталғанын хабарлайды.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесi болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы. 

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.          

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатын сайлау комиссияларынан жоғары тұрған сайлау комиссиялары аудандық мәслихатқа мынадай құжаттарды тапсырады: 

1) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы саяси партия органының, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің отырысы хаттамасынан үзінді көшірме, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;

2) саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі;

3) кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші;

4) сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар туралы электрондық және қағаз форматта жасалған, белгіленген нысандағы мәліметтер;

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс. Сайлау комиссиясының мүшесi тиiстi комиссия орналасқан әкiмшілік-аумақтық бiрлiк аумағында тұруға тиiс. 

Мәслихатқа ұсынылатын қағаз форматтағы барлық құжаттарға қол қойылған, мөрмен расталған болуға және орындалған күнін, орындаушы туралы, оның аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген белгіні қамтуға тиіс.

Ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 8 мамырдан бастап 2026 жылғы 28 мамырға дейін.

Мұғалжар аудандық мәслихаты

Мәслихаттың орналасқан жері: Қандыағаш қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 16.

Жауапты адам – Утенова Роза Кенжегараевна, каб. №213, ұялы телефон 87058365095, қалааралық телефон коды (871333), қызметтік телефон 3-24-61, факс нөмірі 3-04-16, электрондық почта maslixat_2010@mail.ru.

 

Сайлау комиссиялары бойынша бос орындар:

 

Округтік, учаскелік  сайлау комиссиялары

Бос орындар

№3 округтік сайлау комиссиясы

1

№6 округтік сайлау комиссиясы

2

№7 округтік сайлау комиссиясы

1

№9 округтік сайлау комиссиясы

2

№10 округтік сайлау комиссиясы

1

№13 округтік сайлау комиссиясы

1

№14 округтік сайлау комиссиясы

1

№306 учаскелік сайлау комиссиясы

1

№308 учаскелік сайлау комиссиясы

1

№312 учаскелік сайлау комиссиясы

1

№315 учаскелік сайлау комиссиясы

1

№317 учаскелік сайлау комиссиясы

1

№322 учаскелік сайлау комиссиясы

2

№334 учаскелік сайлау комиссиясы

1

№338 учаскелік сайлау комиссиясы

1

№355 учаскелік сайлау комиссиясы

1

№357 учаскелік сайлау комиссиясы

1

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mugalzhar/press/news/details/1216282?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version