Мұнай газ және тау-кен саласындағы өзекті мәселелер

Жарияланды:

Автор:

категорияда

         Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің бастамасымен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ынтамақтастық туралы үш тарапты меморандумға сәйкес, Жамбыл облысындағы Қазақ Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінде ғылыми семинар өткізілді. Кездесуде өнеркәсіптік қауіпсіздік және тау-кен салаларының бүгінгі даму үрдістері, өндірістегі қауіпсіздік мәселелері, экологиялық жауапкершілік, жаңа технологияларды енгізу және саланы білікті кадрлармен қамтамасыз ету бағытында маңызды баяндамалар жасады. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мұнай газ кен орындарын пайдалану,  магистралды мұнай өнімдерінің құбырлары, табиғи газды өндіру, жерасты тау-кен жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндіру технологиясы  тақырыптары студенттерге кеңінен түсіндірілді. Тау-кен саласында жарылыс жұмыстары бойынша өндірістік тәжірибелерімен және өнеркәсіптік қауіпсіздік саладағы қауіпсіздік талаптары, төтенше жағдайлардың алдын алу және өндірістегі заманауи шешімдер жөнінде кәсіби тұрғыда жұмыс атқаратын мамандар өз пікірлерімен бөлісті.   

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1216893?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version