Өңірдегі білім беру ұйымдарының жұмысымен танысу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Абай облысы білім басқармасының басшысы Ердембеков Бауыржан Амангелдіұлы іссапармен Аягөз ауданына келіп, өңірдегі білім беру ұйымдарының жұмысымен танысты.

  Іссапар барысында Аягөз аудандық білім бөлімінің басшысы Н. Азимбаевпен бірге Аягөз аудандық білім бөлімінің «Жас техниктер станциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болып, мекемеде жүргізілген ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

  Аталған мекемеде жұмыс істеп тұрған үйірмелердің қызметі таныстырылды. Атап айтқанда: робототехника, алғашқы техникалық үлгілеу, көлік үлгілеу, ұшақ үлгілеу, сәндік-қолданбалы өнер, спорттық туризм және тігін дизайнері үйірмелері бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар көрсетіліп, үйірме жетекшілерімен сұхбат жүргізілді.

  Робототехника, спорттық туризм және ұшақ үлгілеу үйірмелеріне ерекше назар аударылды. Аталған үйірмелердің халықаралық және республикалық деңгейдегі сайыстарда жүлделі орындарға ие болғаны туралы ақпарат берілді.

  Кездесу барысында Ердембеков Бауыржан Амангелдіұлы алдағы уақытта бұл үйірмелердің жұмысын одан әрі дамытып, жетілдіру қажеттігін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/1215988?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version