Оңалтудың техникалық құралдарын қайтару тетігін енгізу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.

Негізгі мақсат – адамның нақты қажеттіліктеріне бағдарлана отырып, оңалтудың сапасын, қолжетімділігін және тиімділігін арттыру.

1) Ағымдағы жылы Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын оңалтудың техникалық құралдарының құнын өтеу ретінде берілетін Кепілдендірілген соманы айқындау әдістемесі қайта қаралды. Қолданыстағы бұйрыққа сәйкес кепілдендірілген сома жыл сайын айқындалады.

2) «Үй жағдайындағы оңалту» жобасы
Жаңа тәсілдерді дамыту мақсатында инновациялық оңалтудың техникалық құралдарын қолдана отырып, балаларды үй жағдайында оңалту бойынша пилоттық жоба Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы-мен бірлесіп іске асырылуда.

Жоба Қазақстан халқына қоғамдық қоры қолдауымен 4 өңірде енгізілді: Абай облысы, Павлодар облысы, Қызылорда облысы және Шымкент қаласында.

3) Сонымен қатар, ағымдағы жылы Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету тетігін жетілдіру жоспарлануда.

Мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдарын уақытша беру, сараптама жүргізу және оларды қайтару бойынша жаңа тәсілді енгізу жоспарланып отыр.

Бұл тетік, мысалы, оңалтудың техникалық құралдарын жөндеу кезеңінде немесе уақытша қажеттілік туындаған жағдайда (мысалы, ОТҚ жеткізілуін күту кезінде) ұзақ рәсімдерді күтпей-ақ, адамды қажетті құралдармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл қабылданатын шешімдердің негізділігін арттырып, қызмет алушылардың мүдделерін қорғауға ықпал етеді.

Осылайша, ОТҚ-ны қайтару тетігін енгізудің күтілетін нәтижелері:

  1. мүгедектігі бар адамдарға консультациялық қолдаудың қолжетімділігі;
  2. оңалтудың техникалық құралдарын жеке қажеттілікке сай іріктеу;
  3. ОТҚ-ға техникалық сүйемелдеудің және пайдалану мерзімін ұзартудың қолжетімділігі;
  4. оңалтудың техникалық құралдарымен үздіксіз қамтамасыз ету және күту мерзімдерін қысқарту;
  5. оңалтудың техникалық құралдарын ұсыну, пайдалану және тиімділігін мониторингілеу бойынша жүйелі тәсілді қалыптастыру;

оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету жүйесінің ашықтығы мен басқарылуын арттыру (қайтару тетігі тауарды қолма-қол ақшаға айналдыру фактілерін болдырмауға мүмкіндік береді)

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-sko/press/news/details/1216797?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version